Оқушылар түрлі деңгейдегі жарыстарда жүлделі орындарды иеленуде » Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған ІТ лицей-интернаты
Шымкент қаласы білім басқармасының
"Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған ІТ лицей-интернаты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 32-35-73
Есепші бөлімі:
+7(7252) 32-35-73
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқушылар түрлі деңгейдегі жарыстарда жүлделі орындарды иеленуде
06
май
2025

Оқушылар түрлі деңгейдегі жарыстарда жүлделі орындарды иеленуде

Бүгінгі таңда мектеп оқушылары робототехника және ІТ саласы бойынша түрлі деңгейдегі жарыстарға тұрақты түрде қатысып, қалалық, республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарды жүлделі орындарды иеленіп келеді.

KazRobotics, Roboshym, Robocon, Robopark cияқты робототехника чемпионаттары, «INFORMATRIX-ASIA 2018» халықаралық жоба жарысы, Ө.Жолдасбеков атындағы халықаралық ғылыми жоба конкурсы, жалпы білім беретін пәндер бойынша пәндік олимпиаданың қалалық және республикалық кезеңдері, Президенттік олимпиада, жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсының қалалық және республикалық кезеңдері, «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар республикалық конкурсының қалалық және республикалық кезеңдері, «Зерде» ғылыми жобалар конкурсы мен түрлі интеллектуалдық жарыстардың қалалық, республикалық кезеңдерінде оқушыларымыз жеңіс тұғырынан көрініп, жеңімпаз атануда.

ІТ лицей-интернат мәртебесін алғалы мектебімізде оқушылардың ІТ саласындағы білімдері мен құзіреттілігін жетілдіру үшін ІТ club, Techno club, Media club, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту үшін интеллектум, шахмат үйірмелері, сондай-ақ оқушылардың тілдік құзіреттілігін жетілдіруге бағытталған Open Space жобалары жұмыс жасайды. Өз шәкірттерінің заман талабына сай білімдері мен шығармашылық қабілеттерін жетілдіруді алдына мақсат еткен мектебіміздің ұстаздары шет мемлекеттер: Ресей,Түркия, Германия, Англия, Индонезия, Үндістан, Испания, Италия, Греция, АҚШ, Жапония елдерінің беделді білім ордаларымен телекөпір арқылы байланыс орнатып, жоспарлы түрде өзара бірлескен сабақтар мен оқушылар үшін қызықты іс-шараларды ұйымдастырып өткізіп отырады. Мұндай ізгі бастамалар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив